RU
Толық нұсқаға өту

Азия ойындары-2026: Қазақстан қоржынына алғашқы күні 4 алтын, 3 қола түсті

21.09.2026, 17:27 57

ХХ Азия ойындарының екінші жарыс күні аяқталды. Бүгін Қазақстан қоржынына 1 күміс 1 қола медаль түсті. 

Каратэші Әсел Қанай финалда қытай қызына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтса, аралас жекпе-жек шебері Санжар Әділов 65 келіге дейінгі салмақта үшінші орыннан көрінді. ММА спорт түрі Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет кіріп отырғандықтан, Санжардың есімі бірінші жүлдегер ретінде тарихта қалады.

ХХ Азия ойындарының алғашқы ресми жарыс күні Қазақстандық спортшылар үшін сәтті болды. Қоржынымызға 4 алтын 3 қола медаль түсті.

Рас велоспортта Алексей Луценкодан алтын күткеніміз анық. Өйткені тәжірибелі спортшы бұған дейін де құрлық додасында бір емес бірнеше рет топ жарғанын білеміз. Ал Рината Сұлтановаға Азия ойындарының алтыны бұйырмай жүрген. Ханчжоуда өткен соңғы дүбірлі додада қола жүлдеге қол жеткізген жерлесіміз осы жолы биіктен көріну үшін барын салды. Еңбегі еш кеткен жоқ. Басты қарсыласы қытай қызынан 4 секундқа озып, Азия ойындарының чемпионы атанды. Сұлтанованың жеңісті жолын Луценко мен каратэші София Берульцева мен Жоламан Биғабыл жалғастырды. Дәл осы күні қазіргі бессайыстан Қазақстан ерлер құрамасы қоржынымызға қола салды. Триатлоншы Арлан Жаңабайда жарап тұр. Сәл ғана сәттілік жетіскен жоқ. Болмаса топ жаратын тамаша мүмкіндігі  бар еді. Өйткені бас жүлде алған Жапон жігіті Такумидан бар болғаны 15 секунд қана қалып қойды. Үш жыл бұрын Ханчжоуда Аян Бейсенбаевта үздік үштіктен көрінген еді. Енді триатлоншыларымыз бір кездегі Дмитрий Гаггтың жетістігін қайталайды деген үміттеміз.   

Азия ойындары: Әсел Қанай Қазақстанға алғашқы күмісті сыйлады

Бүгін қандасымыз Әсел Қанай ерлік жасады. Каратэнің кумитэ түрі бойынша іріктеу кезеңінде қарсыластарының бәрін ірі есеппен ұтқан Әсел, жартылай финалда камбоджа үкілеген Чакрия Ванмен жолықты. Қолды-аяққа тұрмайтын қарсыласы біразға дейін беріспеді. Дегенмен тәжірибелі Қанай ұрымтал сәттерде соққыларын дөп тигізіп 3:0 есебімен жеңіске жетті. Финалда қытай қызы Ли Гунмен кездесті. Талай халықаралық және әлемдік жарыстарда топ жарып жүрген тәжірибелі Ли Гун жерлесімізден айласын асырып кетті. Осылайша, Әсел Қанай Қазақстан қоржынына алғашқы күміс медальды салды. Бүгін спорттық гимнастика шеберлері іріктеу кезеңін өткізді. Жарыс қортындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары үш бірдей финалдық жолдамаға иелік етті. Оның екеуі Милад Каримаға тиесілі. Яғни еркін және керме жаттығулары бойынша Милад жүлде бөлісіне араласады. Сондай-ақ командалық есепте 237,133 ұпай жинап үздік төрттіктен көрінген  жерлестеріміз финалдық кезеңде бақ сынайды. Әзірше жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 4 алтын 1 күміс 3 қола медальмен төртінші орында тұр.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz