Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азиада ойындарында ерлер арасында 4×100 метрге кешенді жүзу эстафетасынан іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақстан құрамасы сапында Айбат Мырзамұратов, Александр Румынский, Максим Сказобцов пен Максим Клименко өнер көрсетті. Іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 3-орын алып, жарыстың финалына жолдама алды.
Айта кетейік, ақтық сындар бүгін өтеді.
Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Жапония #Азия ойындары #спорт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz