Қазақстанның әйелдер құрамасы баскетболдан Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды 24KZ.
Топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық баскетболшылар Гонконг құрамасымен кездесіп, тартысты ойында 80:77 есебімен басым түсті.
Осы жеңістің нәтижесінде Қазақстан құрамасы топтық кезеңді бір жеңіс және екі жеңіліспен аяқтады. Бұған дейін ұлттық құрама Филиппинге 58:86 есебімен есе жіберсе, Жапониядан 23:88 есебімен жеңілген болатын.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #баскетбол #Қазақстан құрамасы #әйелдер құрамасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz