RU
Толық нұсқаға өту
olympic.kz

Бэлла Самашева Азия ойындарында қола жүлдегер атанды

22.09.2026, 10:33 53

Жапонияның Аичи префектурасындағы Тоёхаси спорт кешенінде өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында каратэшілеріміз ел қоржынын тағы бір жүлдемен толықтырды, деп хабарлайды «24KZ». 

Кумите бағдарламасы бойынша 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Бэлла Самашева пьедесталға көтеріліп, қола медальді жеңіп алды. Тартысты өткен маңызды белдесуде жерлесіміз өзбекстандық спортшы Севинч Рахимовадан басым түсіп, шеберлігі мен мықтылығын дәлелдеді.

Айта кетейік, бұл – жас спортшы үшін мансабындағы алғашқы Азия ойындары.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz