Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «24KZ» olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде Таиландқа қарсы ойнады.
Матч төрт кезеңге созылып, негізгі уақыт тең есеппен (10:10) аяқталды. Пенальти сериясында Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен жеңісті жұлып алды.
Отандастарымыз бұған дейін Сингапурды 7:12 есебімен жеңсе, Жапонияға 10:25 есебімен жол берген еді.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы келесі матчын 23 қыркүйекте Қытайға қарсы өткізеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қазақстан #су добы #Азия ойындары #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz