Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров кезекті рет жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынын күміс медальмен толықтырды, деп хабарлайды «24KZ».
Ұлттық құрама өкілі ерлер арасындағы топтық жарыста мәре сызығын екінші болып кесті.
Бұл - Евгений Федоровтың мансабындағы Азия ойындарының екінші жүлдесі. Ол бұған дейін Ханчжоу қаласында өткен Азиадада топтық жарыста (207,7 шақырым қашықтықта) 4:25:29 уақыт көрсеткішімен чемпион атанып, бірінші орынды иеленген болатын.
Евгений Федоров Азия ойындарының топтық жарысында екінші рет қатарынан мінберге көтеріліп, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Айта кетейік, осы жарыста ел намысын қорғаған тағы бір қазақстандық спортшы Николя Винокуров үздік ондыққа еніп, жарысты жетінші орынмен аяқтады.
Тегтер #Евгений Федоров #Азиада 2026 #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz