Әсем Орынбай стенд атудан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол әйелдер арасындағы финалдық бәсекеде 28 ұпай жинап, үздік үштіктен көрінді.
Бұл бағдарламада Қытай спортшысы топ жарса, Таиланд өкілі күміспен күптелді. Сондай-ақ финалдағы тағы бір отандасымыз Зоя Пискун 6-шы орынға жайғасты. Еске сала кетейік, Әсем Орынбай 2022 Ханчжоудағы Азия ойындарында 2 алтын, 1 қола еншілеген болатын.
Тегтер #Әсем Орынбай #Азиада 2026 #қола жүлде #спорт #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz