Бүгін түнде Алматыға Жапониядан ММА, яғни аралас жекпе-жектен жеңімпаз болған спортшылар келді. Оларды туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері қарсы алды.
Құрама команда жарысқа көктемнен бері дайындалып, төрт кезеңнен тұратын оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Нәтижесінде 77 келі салмақта сынға түскен Еркінғали Бүркіталин финалда Бахрейннен келген қарсыласын 3,0 есебімен басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал 71 келі салмақтағы Қадырбек Шынбаев тәжікстандық спортшымен жекпе-жекке шығып, дәл осындай есепке қол жеткізді. Ал Санжар Әділов 65 келі салмақта қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды 24KZ.
Еркінғали Бүркіталин, Азия ойындарының чемпионы:
— Тарихта өз есімін қалдыру әр спортшының арманы деп ойлаймын. Әр жекпе-жеткің өзінің бір қиыншылықтары бар ғой. Әр қарсыластың өзінің бір стилі бар. Ағайлармен әр жекпе-жекке тактикалық түрде келді. Барлығы ойдан шықты деп ойлаймын.
Жапонияға ұшар алдында спортшылар Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында екі апта бойы жаттығып, ауа райына бейімделді. Айта кетейік, аралас жекпе-жек өнері алғаш рет Жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді.
Санжар Әділов, Азия ойындарының қола жүлдегері:
— Мен өзім таңғалдым. Әрбір минут, әрбір секунд ұйымдастырылған. Өте жоғары деңгейде өтті. Мен әуесқой спортшы болғаннан кейін әуесқой спорт мен кәсіпқой спортты қатар алып жүрмін.
Тегтер #жазғы азия ойындары #Азиада 2026 #жүлдегерлер #ЖапонияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz