RU
Толық нұсқаға өту

Ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Азиадада күміс медальға ие болды

24.09.2026, 07:45 43

Қазақстандық ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.

Отандастарымыз екілік-байдаркада 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:48.140 уақыт нәтижесін тіркеді. 

Осылайша Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая күміс жүлдеге ие болды. 

Қытайлықтар Юй Шимэн және Инь Мэнди бірінші орын алды - 1:45.010. Ал Арина Танатмишева мен Екатерина Шубина (Өзбекстан) қола жүлдеге ие болды - 1:49.585.

Olympic.kz

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz