RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Азиадада сегізінші алтын медаль ұтып алды

24.09.2026, 09:09 95

Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына 8-ші алтынды салды.

Екеуі финалдық бәсекеде мәре сызығын бірінші болып кесіп, қытайлық спортшыларды 2,9 секундқа басып озды. Үздік үштіктен Өзбекстан көрінді. Бұл Қазақстан үшін ескек есуден Азия ойындары тарихындағы алғашқы алтын, деп хабарлайды 24KZ.

Артынша әйелдерден Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая байдарка мен каноэ есуде күміс еншілесе,

ерлерден Сергей мен Тимофей Емельяновтар қолаға қол созды.

Көп ұзамай у-шудан Абдурашид Абдуллаев күміспен күптелді. Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақта тек Иран өкіліне ғана есе жіберді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz