RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан қоржынында 23 медаль бар

24.09.2026, 10:00 42

Әділбек Мусин жүзуден Азия ойындарының финалына шықты.

Отандасымыз баттерфляй әдісімен жүзуден 50 метрлік бәсекеде 8-орынға тұрақтап, іріктеу кезеңіне өтті. Одан бөлек ерлер арасындағы командалық эстафетада Қазақстан құрамасы 3-орынға табан тіреп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Финалдық бәсекелер кешкі уақытқа жоспарланған, деп хабарлайды 24KZ.

Жазғы Азия ойындарының 5-жарыс күні спортшыларымыз үшін сәтті басталды. Таңымен ел қоржынына бірден 4 медаль түсті. Оның біреуі алтын, екеуі күміс, біреуі қола. Алдымен Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына 8-алтынды салды. Екеуі финалдық бәсекеде мәре сызығын бірінші болып кесіп, қытайлық спортшыларды 2,9 секундқа басып озды. Бұл Қазақстан үшін ескек есуден Азия ойындары тарихындағы алғашқы алтын.

Артынша әйелдерден Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая байдарка мен каноэ есуде 500 метрлдік бәсекеде күміс еншілесе, ерлерден Сергей мен Тимофей Емеьляновтар қолаға қол созды. Көп ұзамай ушудан яғни Қытайдың ұлттық спортынан Абдурашид Абдуллаев күміспен күптелді. Ол жартылай финалда Тайпей өкілін техникалық нокаутпен ұтса, финалда ирандық спортшыға ұпай айырмашылығымен ұтылды. Дәл қазір Қазақстан құрамасы 8 алтын, 6 күміс, 9 қола медальмен жалпы есепте 4-орында келе жатыр. Әдеттегідей Қытай 61 алтынмен көш бастаса, Жапоия 15 алтынмен екінші орында тұр. Оңтүстік Корея 9 алтынмен үздік үштіктен көрінді.    

Шахматшыларымыз Қытаймен тең ойнады

Қазақ қыздары шахмат олимпиадасында Қытаймен тең түсті. Есеп 2:2. Алдымен 1 және 2 тақтадағы Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман қарсыластарымен тең ойнаса, Меруерт Қамалиденова ұтылып қалды. Артынша төртінші тақтадағы Елназ Қалиахмет маңызды кездесуде жеңіске жетіп, ұлттық құраманы жеңілістен сақтады. Сәйкесінше бәсекедегі чемпиондыққа талас одан әрі күшейеді. Себебі Қазақстан мен Қытай 7-турға дейінгі 6 ойынның барлығында жеңіске жетіп, қарсыластарын қоғадай жапырып келген еді. Шахмат олимпиадасының аяқталуына әлі 4 тур бар. Қос құрама 13 ұпаймен көш бастап тұр. Ал ерлеріміз Сербиядан ұтылып қалды. Команда сапынан тек Алдияр Аңсат тең ойнаса, қалған 3 шахматшымыз есе жіберді. Самарқандта өтіп жатқан 46-шы олимпиада 27 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Теннисшілер жартылай финалға өте алмады

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалынан сырт қалды. Жерлестеріміз Қытайдағы Билли Джин Кинг кубогы аясында Испанияға қарсы екі жекелей және бір жұптық ойында 1:2 есебімен есе жіберді. Кортқа бірінші болып шыққан Соня Жиенбаева қарсыласынан қос сетте де 2:6 есебімен ұтылды. Артынша Юлия Путинцева Кристина Букшамен кездесіп, алғашқы сетте 6:2 есебімен жеңсе, екінші сет 3:6 есебімен испандық спортшының пайдасына аяқталды. Шешуші 3-сетте Юлия 6:1 есебін тіркеп, жеңісті жұлып алды. Ал жұптық бәсекеде Анна Данилина мен Жібек Құламбаева екеуі бірге ойнап, қарсыластарына 2:6, 5:7 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты ерте аяқтады. Әлемнің 5 дүркін чемпиондары енді жартылай финалда Чехиямен кездеседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz