RU
Толық нұсқаға өту

Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азиадада Қазақстанға тоғызыншы алтын медальді сыйлады

27.09.2026, 07:00 62

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жеңімпаз атанды.

Тоқсанбаева спорттық жүрістен марафон қашықтықтығында бақ сынап, мәреге бірінші болып жетті. 

Отандасымыз жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтады. Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті – 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті  түйіндеді. 

Бұл Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медалі. 

Ерлер арасындағы жарыста Георгий Шейко алтыншы орын алды.

Olympic.kz

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz