Дәл қазір Алматы марафоны өтіп жатыр.
Алатаудың бөктеріндегі әсем қалаға елдің түкпір-түкпірінен желаяқтар жиналды. Биыл марафон қалай өтіп жатыр? Шетелден келген желяақтар көп пе?
Бекзат Үшкемпір, тілші:
- Жарыс таңғы жеті жарымда басталды. Дәл қазір марафоншылар жолда. Биыл Алматы марафоны 15-рет өтіп жатыр. Бүгінгі жарысқа шамамен 16 мың адам тіркелген. Оның ішінде 60-қа жуық елден келген 1500-ден астам шетелдік желаяқ бар. Атап айтсақ, көршілес Ресей, Қытай, Қырғызтан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия, Беларусь және АҚШ азаматтары қатысып жатыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды іс-шараның отандық туризмге берер пайдасы жоғары. Оның ішінде Алматы экономикасына қосқан үлесі шамамен 15 млрд теңгеден асады. Қатысушылар бірнеше қашықтықта сынға түседі. Ол 10 шақырымға жүгіру, скандинавиялық жүріс, командалық экидэн. Жартылай марафон бар. Ал ең төзімді желаяқтар ұзақтығы 42,2 шақырымдық марафонда бақ сынап жатыр. Жарысқа әлемге танымал жапондық марафоншы Юки Каваучи де қатысып жатыр. Ол 2018 жылғы Бостон марафонының жеңімпазы. Бұл оның Қазақстанға алғаш келуі екен, деп хабарлайды 24KZ.
Тегтер #Almaty Marathon #Алматы #марафонPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz