RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалына өтті

27.09.2026, 17:14 57

Қазақстандық былғары қолғап шебері Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ширек финалында қырғызстандық Мырзакир Кошалиевпен жұдырықтасты.

Үш раундтың нәтижесі бойынша Айбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша ол кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz