RU
Толық нұсқаға өту

Е. Тасмағамбетов қола жүлдегер атанды

27.09.2026, 21:26 42

Батуттағы гимнастикадан Ерлан Тасмағамбетов Азиаданың қола жүлдегері атанды. Отандасымыз 54.69 ұпай жинап, үздік үштікке енді.

Ал тағы бір отандасымыз Роман Барков 8-ші орынды місе тұтты. Қытайлық екі спортшы алтын мен күмісті өзара бөлісті.

Жапонияда өтіп жатқан XX Азия ойындарында Қазақстан спортшылары 1 алтын 2 күміс 2 қола медаль ұтып алды. Семсерлесуден ерлер құрамасы топ жарса, ауыр және жеңіл атлетикада екінші орын бұйырды.

Семсерлесудің сапы бағдарламасында Қазақстан ерлер құрамасы финалда Оңтүстік Кореядан басым түсті. Жерлестеріміз қосымша сайыста жеңісті жұлып алды. Биыл әлем чемпионатында топ жарған отандық семсерлесу шеберлері үшін бұл – Азиада тарихындағы 3-ші алтын. Спорттың осы түрінен ұлттық құрамамыз араға 24 жыл салып, жеңімпаз атанып отыр.

А. Жұмағали Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аянат Жұмағали ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз ауыр атлетикадан 77 келі салмақта сынға түсіп, қоссайыс қорытындысында 246 келіні еңсеріді. Бұл салмақта Қытай спортшысы топ жарды. Иран зілтеміршісі үздік үштікті түйіндеді.

Жеңіл атлетіміз Н. Джеруто мәреге екінші жетті

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Спортшы 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіруден екінші болып мәре сызығын қиды. Нора қашықтықты 9 минут 6 секундта бағындырды. Алтын медальді бахрейндік Яви Винфред жеңіп алды, оның нәтижесі – 9 минут 4 секунд. Үндістандық Парул Чаудхари үздік үштікті түйіндеді.

Әртістік жүзуден қола жүлде қоржынға түсті

Сонымен қатар, бүгін әртістік жүзудің кезекті жарыс күні өтті. Техникалық және еркін бағдарлама бойынша екі күнге жалғасқан жұптық сайыста,.. тұңғыш әлем чемпионы Наргиза Болатова мен Ясмин Туякова сынға түсіп қола жүлдеге қол жеткізді. Алтын жүлде Қытай құрамасына, ал күміс жүлде Жапония құрамасына бұйырды. Әртістік жүзуден Отандастарымыз енді аралас командалық сайыста да өнер көрсетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz