RU
Толық нұсқаға өту
olympic.kz

Кураштан Әділет Ахметғали Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

28.09.2026, 11:19 45

Кураш күресінен Әділет Ахметғали Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «24KZ».

Аичи - Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ерлер арасында 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда өзбекстандық спортшы Ахрор Зиёдуллаевпен белдесіп, 0:10 есебімен жарысты аяқтады. 

Айта кетейік, бұған дейін ширек финалда бақ сынаған Әділет Тайпей өкілі Хе Сунгты 10:0 есебімен сенімді түрде тізе бүктірген болатын. Осылайша, тартысты белдесулердің қорытындысы бойынша қазақстандық палуан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz