RU
Толық нұсқаға өту

Азиада 2026: дүйсенбілік жарыс күні қоржынымызға бір күміс 2 қола медаль түсті

28.09.2026, 14:53 61

Жапон жерінде өтіп жатқан ХХ Азия ойындары бел ортасынан ауды. Әзірше жалпы командалық есепте айтарлықтай өзгеріс жоқ. Өкінішке қарай, жерлесіміз Ясмина Тоқсанбаеваның алтын жүлдесін алып қойды. Кеше Тоқсанбаева спорттық жүрісте топ жарған болатын. Тағдырлы желеу спортшы жарыс алаңына киетін аяқ киімін дұрыс таңдамаған. Бұл жөнінде алдағы уақытта мамандар толық түсіндіре жатар, ал бүгін біраз спорт түрі бойынша жүлде жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды 24KZ.

Әзірше дүйсенбілік жарыс күні қоржынымызға бір күміс, 2 қола медаль түсті. Алдымен әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы Қытай мен Жапонияға жол беріп үздік үштіктен көрінсе, өзбек күресі кураштан 81 келі салмақта белдескен Әділет Ахметғали қоланы қанағат тұтты. Ал ауыр атлет Алексей Чуркин Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Ол жұлқа көтеруде 173 келіні бағындырып әлем рекорд жаңартқанымен қоссайыс қортындысы бойынша Солтүстік Корея өкілі Кванг Риол Родан 1 келі салмақ қалып қойды. Бүгін сондай-ақ үш бірдей боксшымыз жартылай финалға жолдама алды. 51 келі салмақта Алуа Балқыбекова мен 75 келіде Наталья Богданова және ерлер арасында 70 келіде Төрехан Сабырхандар қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.

Төрехан тіпті бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Енді жартылай финалдық жекпе-жектер 30-шы қыркүйек күні өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz