RU
Толық нұсқаға өту

Азиада-2026: 5 боксшымыз жартылай финалда

29.09.2026, 09:17 51

Қазақстандық 5 боксшы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды. Бұл тұрғыда Қытай мен Өзбекстан спортшылары көш бастап тұр.

Олардың 7 былғары қолғап шебері ақтық кезеңге бір табан жақындаса, Үндістаннан жеті, Жапониядан 4 боксшысы жүлдеге таласады. Бүгін ел атынан алғаш болып аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай Үндістан өкілімен финалдық жолдаманы сарапқа салады. Жекпе-жек Астана уақытымен 11:00 ге жоспарланған. Ал Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан, Алуа Балқыбекова мен Наталья Богданова шаршы алаңға ертең көтеріледі.

Жағажай волейболынан Сергей Богату мен Кирилл Гурил Азия ойындарының ширек финалына шықты. Қазақстандық жұп 1/8-ші айналымда Иран спортшыларымен сынға түсіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Олар алғашқы партияны 21:15 есебімен өз пайдасына аяқтаса, екінші кезеңде қарсыластар 18:21 есебімен таразы басын теңестірді. Шешуші 3-ші партияда жерлестеріміз 15:11 есебімен жеңісті жұлып алды. 

Қазақстан жалпы есепте 6-орында

Кураштан Арайлым Шегенова Азия ойындарының жартылай финалына өтті. Отандасымыз 87 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, әзірге 2 қарсыласынан айласын асырды. Алдымен 1/8-ші айналымда вьетнамдық спортшыны 5:0 есебімен қапы қалдырса, ширек финалда Оңтүстік Корея өкілін 3:0 есебімен ұтты. Дәл қазір Қазақстан құрамасы 9 алтынмен жалпы есепте 1 сатыға төмендеп, 6-шы орынға сырғыды. Әдеттегідей Қытай құрамасы көш бастаса, Жапония екінші, Оңтүстік Корея үшінші орында тұр.    

Шайдоров рейтингте 2-орынға көтерілді

Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Халықаралық Конькишілер Одағының жаңартылған рейтингінде алғаш рет жоғарылап отыр. Еншісінде 4193 ұпай бар. Көш басына 4590 ұпаймен АҚШ спортшысы Илья Малинин жайғасқан. Ал жапониялық Юми Кагияма 4123 ұпаймен үшінші орыннан көрінді. Отандасымыз үшін бұл нәтиже ISU рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіш. Ол осыған дейін Братиславада өткен турнирде қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz