RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

Азиада-2026: Арайлым Шегенова кураштан қола медаль иеленді

29.09.2026, 10:54 47

Қазақстандық спортшы Арайлым Шегенова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кураштан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды «24KZ».

Арайлым Шегенова 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Финалға жолдама алу үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Ёнмен кездесті. Бұл бәсекеде кореялық спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, Арайлым Шегенова Азиада-2026-ның қола медалін иеленді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz