Қазақстандық Александр Коробов ХХ жазғы Азия ойындарында слаломда есуден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «24KZ».
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан құрлық додасында ерлер арасында байдаркадан финалдық жарыс өтті.
Александр Коробов 94,48 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Осылайша, қазақстандық спортшы жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Алтын медаль Қытай өкілі Жаочан Хуға бұйырса, жарыс қожайыны Юки Танака күміс жүлдеге ие болды.
Бұл – Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарындағы слаломда есуден алған алғашқы медалі.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #ХХ жазғы Азия ойындары #слаломда #Александр КоробовPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz