RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҰОК

Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

01.10.2026, 09:03 67

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аичи-Нагояда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы жекелей сында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды 24KZ.

Путинцева жартылай финалда Қытай өкілі Чжан Шуаймен кездесіп, 4:6, 2:6 есебімен жеңілді.

Жарыс ережесіне сәйкес, үшінші орын үшін бөлек кездесу өткізілмейді. Осылайша, Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, Юлия Путинцева әйелдер арасындағы жеке сайыстан ел тарихында жүлде алған бірінші теннисші ретінде тіркелді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz