RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

Нұржан Батырбеков Азия ойындарының алтын медалі үшін күреседі

01.10.2026, 09:55 58

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды «24KZ».

Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Сингапур өкілі Ноа Тянь Жун Лиммен күресті.

Нәтижесінде Нұржан 4:0 есебімен жеңіске жетіп, ақтық сынға жолдама алды.

Айта кетейік, Батырбеков ширек финалда филиппиндік Марк Александр Лимді 4:2 есебімен жеңген болатын.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz