Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияның Аичи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды «24KZ».
Финалдық тартысты жекпе-жекте отандасымыз өзбекстандық боксшы Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша Айбек Оралбай 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Азиаданың алтын медалін жеңіп алды.
Бұл - ұлттық құраманың биылғы Азиададағы бокстан еншілеген екінші чемпиондық атағы. Еске сала кеттейік, бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Төрехан Сабырхан финалда иорданиялық Зейад Ишашты 5:0 есебімен тізе бүктіріп, Азия ойындарының жеңімпазы атанған болатын.
Айбек Оралбайдың бұл жеңісі отандық бокс мектебінің абыройын асқақтатып, құрлықтық додадағы көшбасшылық ұстанымымызды тағы бір мәрте дәлелдеді.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz