Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарған бокстан ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды «24KZ».
Спортшы финалдық жекпе-жектің өте тартысты өткенін және бұл жеңістің маңызы зор екенін атап өтті:
Аллаға шүкір, бұл -12 жылдан кейін жеткен алтын. Төрехан бастап берді, мен де команда капитаны болғандықтан барымды салдым. Өзбекстандық боксшы әлем чемпионатында кеткен есесін қайтарғысы келіп еді. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті. Жаттықтырушыларымның арқасында тактикалық жағынан өте жақсы дайындалдық, - деді Айбек Оралбай.
Сонымен қатар боксшы жанкүйерлерге және федерация басшылығына арнайы ризашылығын білдірді:
Тегтер #Айбек Оралбай #24жаңалықтар #24KZ #Азиада 2026Барша қазақ еліне шексіз алғысымды білдіремін. Федерация президенті Шахмұрат ағамыз бастаған ұжымға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын, - деді чемпион.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz