RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҰОК

Тамирлан Тілеулес Азия ойындарында таеквондодан Қазақстанға тарихи алтын әкелді

02.10.2026, 16:08 53

Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды 24KZ.

58 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.

Тілеулес алғашқы кезеңде 16:14 есебімен жеңсе, екінші раундта 15:2 есебімен басым түсті. Қорытынды есеп – 2:0.

Осылайша қазақстандық спортшы тарихи жетістікке жетіп, ел қоржынына Азия ойындарындағы кезекті алтын медальды салды.

Бұл – Қазақстанның Азия ойындарындағы таеквондодан алған алғашқы алтыны.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz