Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «24KZ».
Үшінші орын үшін өткен белдесуде отандасымыз Түрікменстан балуаны Зымамухаммет Сапаровпен кездесті.
Едіге қарсыласынан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұған дейін Начын Куулaр да қола медаль иеленген еді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Азия ойындары #спорт #қола медаль #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz