Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Нилуфар Раимова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Шри-Ланка өкілі Нетми Ахинса Фернандоны айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша Нилуфар Раимова Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола медальді салды.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) қола алды.
Тегтер #Азиада 2026 #Нилуфар Раимова #балуан #қола жүлдеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz