Дзюдошы Шерзод Давлатов Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында жергілікті балуан Ахмед Юсифовпен күресті. Алтын медаль жолындағы тартысты белдесуде Шерзод ұпай бойынша алға шығып, белсенді болғанымен Әзербайжан өкіліне есе жіберіп алды. Жартылай финалда Шерзод әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Рюдзу Нагаяманы жеңген еді. Баку қаласындағы чемпионат 12 қазанға дейін жалғасады. Биыл 93 мемлекеттен 622 татами шебері қатысып жатыр.
Тегтер #дзюдо #Баку #әлем чемпинонаты #күміс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz