XXI жазғы Азия ойындары 2030 жылдың қараша айында Катар астанасы Дохада өтеді, деп хабарлайды «24KZ».
Катар астанасы Азия ойындарын бұған дейін 2006 жылы қабылдаған, енді араға 24 жыл салып құрлықтың басты спорт додасын екінші рет өткізбек.
Азия ойындарының алдағы қожайындары бірнеше жыл бұрын анықталған.
Доха 2030 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығын Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясында жеңіп алды. Сол кезде 2030 жылғы додаға Дохамен бірге Эр-Рияд та үміткер болған. Нәтижесінде Дохаға 2030 жылғы, ал Эр-Риядқа 2034 жылғы Азия ойындары берілді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Азия ойындары #2030 жыл #Доха #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz