RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан самбошылары әлем чемпионатында 3 алтын медаль алды

06.10.2026, 19:53 41

Грекияның Салоники қаласында самбодан жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы 3 алтын 5 күміс 14 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 4-ші сатыдан көрінді. Спорт әлеміндегі өзге де жаңалықтар алдағы топтамада, деп хабарлайды 24KZ.


Жерлесімізге жүлде бұйырмады

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бұл сынға дүниежүзінің 93 елінен 622 үміткер келген. Жарыстың үшінші күні татамиге 73 келі салмақтағы дзюдошылар шығып, ел намысын Аңсарбек Ғайнуллин қорғаған болатын. Қазақ ұлы алғашқы кездесуден аса алмады. Қарсыласы да осал болған жоқ. Еуропа чемпионатының қола жүлдегері француз Дайян Булемтафес бірден белдесу тізгінін қолға алып қарсыласының осал тұсын іздеді. Аңсарбекте аянып қалмады. Теке-тіреспен өткен кездесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз голден скорда анықталды. Бұл кезеңде де қарсыластар бір-біріне әдіс жасай алмады. Ал төрешілер Ғайнуллинге үшінші шидосын беріп, Дайянның қолын көтерді. Француз дзюдошысы жартылай финалда жапон Танакадан ұтылды. Әлем біріншілігі 12 қазанға дейін жалғасады.

Хорватия Испанияны тұсай ала ма?

Ұлттар лигасының төртінші тур аясында бүгін бірнеше кездесу өтеді. Солардың ішіндегі сүбелісі Хорватия мен Испания кездесуі деп болжайды білетіндер. Сәуегейлердің сөзі шындыққа жақын. Өйткені ала допты ұршықша иіретін Испан футболшылары қазір жұрттың айызын қандыратын ойын көрсетіп жүр. Ал Хорватия өткен турда Ағылшындардан оңбай ұтылғанын білеміз. Жанкүйерлер ғана емес бұл нәтижеге ардагер ойыншы Лука Модричте қатты ашуланды. Мен ұлттық құрама жейдесін кигелі дәл осылай сүреңсіз ойнаған емеспіз. «Енді жанкүйерлердің жүрегіне жол табу үшін, ертең жасыл алаңда жан беруге тиіспіз», -деп командаластарына жігер берді. Славен Билич үшінде сын сағаты соғып тұр. Әлем чемпиондарын тоқтата алса, бас бапкер қызметін жалғастырады. Егер Хорватия ірі есеппен ұтылып жатса, жағдайы қиындайы түседі. Қатарынан 41 ойында жеңілістің ащы дәмін татпаған Испания құрамасы бүгінде үш ұпай алатындарына сенімді.

Синнер биыл кортқа шықпайды

Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер жыл соңына дейін жарыстарға қатыса алмайтын болды. Оған себеп жарақатынан әлі құлан-таза айықпаған. Енді Александр Зверевке тамаша мүмкіндік туып тұр. Егер Германия теннисшісі алдағы жарыстарды тәуір нәтиже көрсетіп жатса, жыл соңына дейін әлемдік рейтингіде топ бастуы ықтимал. Янник Синнер Уимблдондағы жеңісінен кейін жарақат алып Америка ашық біріншілігнен шет қалған еді. Маған дәл қазіргі уақытта денсаулық маңызды. Сондықтан бірінші кезекте жарақтымды толықтай емдеп, кортқа жаңа жылдан бастап ораламын деп шештім. «Бәрі дұрыс болса, Австралия ашық біріншілігіне бабында келуге тырысамын», - депті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz