RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде соңғы 7 жылда 536 спорт нысаны салынған

08.10.2026, 13:34 44

Елімізде соңғы жеті жылда 536 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілген. Нәтижесінде халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 44 пайыздан 59,6 пайызға дейін өскен. 

Былтыр Қызылордада 11 мың көрерменге арналған жаңа стадион ашылды. Оның жабыны УЕФА талаптарына сәйкес келеді. Ал Түркістанда мұз сарайы, Теннис орталығы мен халықаралық деңгейдегі ескек есу арнасы іске қосылса, Алматы облысында Республикалық олимпиадалық даярлау базасы бой көтерді. «Соңғы жылдары параспортшылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалып келеді», - дейді жауаптылар. Айталық, өткен жылдың соңында Қазақстанда алғаш рет төрт бірдей инклюзивті спорт орталығы ашлды. Жалпы елімізде қазір 26 жарым мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Олардың басым бөлігі - мемлекеттік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz