Елімізде тау-шаңғы спорты саласындағы мамандықтарға 350 грант бөлінбек. Мамандарды даярлау Алматы тау кластері мен «Almaty Superski» жобасын дамыту негізінде қолға алынып отыр.
Ол үшін кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде арқанды жол инженерлері, көтергіш механизмдердің механиктері, тау-шаңғы трассалары мен қар жасау жүйелерінің кадрлары оқытылады.
Мамандарды даярлау кезінде экологиялық талаптарды да ескеру назарға алынады. Жұмысқа зоология, геология, гидрология және топырақтану саласындағы сарапшылар тартылады. Олардың міндеті – ғылыми деректер мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, тау инфрақұрылымын дамыту. Бұдан бөлек, Алматы тау кластерін дамыту тек қысқы спорт түрлерімен шектелмейді. Жыл бойы бұқараға спортпен айналысуға, шаңғы мектептерінің жұмысын кеңейтуге, кәсіби нұсқаушылар даярлауға мүмкіндік беретін инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған.
Тегтер #Таушаңғы спорты #мамандық #грант #спортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz