RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 12 кәсіби футбол клубына жеке инвесторлар тартылды

08.10.2026, 16:35 62

Қазақстанда 12 кәсіби футбол клубына жеке инвестор анықталды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Министрлік дерегі бойынша, қазір еліміздің 19 өңірінде 23 кәсіби футбол клубы бар. Оның төртеуі жеке меншікте. Алматы қаласы мен облысында әзірге кәсіби футбол клубы жоқ.

Жеке инвесторлар «Қызылжар», «Шахтер», «Жеңіс», «Қайсар», «Ақтөбе», «Ордабасы», «Тараз», «Оқжетпес», «Елімай», «Тұран», «Атырау» және «Тобыл» клубтарына анықталған.

Бүгінде тағы жеті клубқа инвестор тарту мәселесі қаралып жатыр. «Астана» бойынша «Зерновой консорциум Казахстан» компаниясымен келіссөз жүргізілуде. «Жетісу» клубына сингапурлық International Cement Investment Company компаниясы ықтимал инвестор ретінде қарастырылып жатыр. Ал «Каспий», «Алтай», «Жайық», «Ертіс» және «Ұлытау» клубтары бойынша инвестор іздеу жұмыстары жалғасуда.

Кәсіби футбол клубтарына жеке инвестор тарту жеке қаржыландыру үлесін арттырып, футбол саласына инвестиция көлемін ұлғайтуға бағытталған. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылып жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz