Астанада 13-15 қазан аралығында конькимен жүгіруден жекелеген қашықтықтар бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды 24KZ.
«Алау» мұз сарайында өтетін жарыс алдағы әлем кубогі кезеңдерінде ел намысын қорғайтын ересектер мен жасөспірімдер құрамасын жасақтауға арналған іріктеу кезеңі болады.
Байрақты бәсекеге Қазақстанның үздік конькишілері қатысады. Олардың қатарында 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен Евгений Кошкин, Арина Ильященко, Елизавета Голубева және Кристина Силаева бар.
Сондай-ақ былтыр жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алған Кристина Шумекова да жарыс жолына шығады. Ол жаңа маусымда ересектер санатына ауысты.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #конькимен жүгіру #Алау #чемпионатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz