Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық турнирі өтіп жатыр. Олимпиада жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған жарыс биыл сегізінші рет ұйымдастырылды. Жылдан жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан халықаралық шараға 25 елден келген 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Гүлжан Көленқызы, тілші:
– Бүгінгі турнир Орталық Азия мен Таяу Шығыста ISU Challenger Series аясында өтетін жалғыз мәнерлеп сырғанау жарысы саналады. Бұл жарыстың ерекшелігі – мұнда спортшылар әлемдік рейтингке есептелетін ұпай жинай алады. Сондықтан Алматыдағы турнирге болашағынан үміт күттіретін жасөспірімдермен қатар халықаралық деңгейдегі додаларда ысылған білікті мәнерлеп сырғанаушылар да қатысуда. Олардың қатарында АҚШ, Франция, Германия, Канада, Венгрия, Оңтүстік Корея және Жапония спортшылары бар. Шетелдіктерден Пётр Гуменник, Александра Игнатова және қытайлық мәнерлеп сырғанаушы Юдун Чэнь өнер көрсетеді. Ал Қазақстан атынан Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев мұз айдынына шығады.
Артур Смағұлов, турнирге қатысушы, мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері:
Бірнеше күн бойы спортшылар ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан және мұз үстіндегі биден бақ сынайды. Бүгін және ертең спортшылар қысқа және еркін бағдарламаларын орындайды. Ал 10 қазанда марапаттау рәсімі өтеді. Турнирді «Денис Тен қоры» ұйымдастыруда.
Тегтер #24KZ #Денис Тен #мәнерлеп сырғанау #турнирPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz