RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҰОК

Елдос Сметов Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

09.10.2026, 16:30 48

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Абу-Дабиде өтетін «Үлкен дулыға» турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды 24KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасынан тізімге жеті спортшы енді. Олар:

·         60 келіге дейін: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар;

·         66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Ақылжан Жұбатқанов;

·         81 келіге дейін: Жалғас Қайролла;

·         90 келіге дейін: Айдар Арапов;

·         100 келіге дейін: Марат Байқамуров.

Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирі 29–31 қазан аралығында болады. Ұйымдастырушылар спортшылар тізіміне өзгеріс енгізуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz