Алматы ипподромында бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтіп жатыр. Жарысқа елдің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық жүйрік келіпті. Бүгінгі финалдың жүлде қоры – 106 миллион теңге, деп хабарлайды 24KZ.
Ернұр Рысбай, тілші:
– Расында да бүгінгі бәйгені көруге келген көрермен қатары қалың. Бұл күнді атбегілер де асыға күтеді. Бәйге – атадан балаға мұра боп жеткен ұлттық дәстүріміз. Жарыс жолына әуелі құнандар шықты. Олар 11 шақырымға шапты. Қолтума құнандар мен шетелден келгендер әрқайсысы бөлек жарысады.
Тегтер #24KZ #Алматы #бәйге #атбегі #чемпионатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz