Астаналық атлеттер биылғы жүгіру маусымын қорытындылап жатыр. Ол үшін бүгін салауатты өмір салтын қолдаушылар елордадағы триатлон паркіне жиналған. «Заң және тәртіп» деп аталған спорттық шараны қалалық әкімдік ұйымдастырған, деп хабарлайды 24KZ.
Серік Селеубайұлы, тілші:
- Астанада жазғы жүгіру маусымы аяқталды. Бүгін триатлон паркінде олар 6200 метрді бағындырды. Спорттық шараға таңдаулы 1800 атлет қатысып отыр. Олардың арасында 16 жастағы жасөспірімдермен қатар 80 жастағы зейнеткер де бар.
Астанада марафон жүгірушілер саны жыл санап артып келеді. Кәсіби желаяқтармен қатар, әуесқой марафоншылардың да басын біріктіретін спорт клубтары ашылған.
Әсел Ербекеева, қалалық Жеңіл атлетика федерациясының бірінші вице-президенті:
- Біздің федерацияның спортшылары қатысады. Сонымен қатар бізде Astana Kit Marathon бар. Сонымен Kit Run Club деген жүгіру ортамыз бар. Сол ортаның балалары, қыздары, жігіттері, бәрі жүгіріп жүр. Осы қалалық іс-шараларға біз белсенді қатысып жүреміз.
Қала тұрғындарының бұқаралық спортқа деген қызығушылығы жоғары екенін статистика да растап отыр. Жазғы маусымдағы шараларға 30 мыңға жуық астаналық белсенді қатысқан. Әкімдік желаяқтарды алда тағы қызықты жарыстар күтіп тұрғанын жеткізді.
Ержігіт Өсербай, Астана қаласы әкімдігі Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары:
- Астана қаласының тұрғындарының бұқаралық спортқа деген ынта-жігерін өте жоғары деп бағалауға келеді. Өйткені өзіміздің тіркеу барысында да мұны байқап жатырмыз. 00:54. Белсенді болғаны соншалық, бір сағаттың ішінде тіркеліп үлгеріп жатыр. Осымен тоқтап қалмаймыз. Әлі де қысқы маусым жүгірулері болады. Содан кейін шаңғы жарыстары және де басқа да бұқаралық спортқа тарту іс-шаралары болады. Осы жазда қала тұрғындары үшін оннан астам бұқаралық іс-шара өткен. Одан бөлек, бес балалар арасындағы жүгіріс ұйымдастырылды.
Авторлары: Серік Селеубайұлы, Мұрат Әріпханов
Тегтер #24KZ #Астана #жазғы маусым #жүгіру #қорытындыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz