Қазақстан дзюдодан 2027 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатының туын қабылдады, деп хабарлайды 24KZ.
Салтанатты рәсім Бакуде өтіп жатқан дүниежүзілік біріншілік аясында ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімде халықаралық дзюдо федерациясының Бас хатшысы Лиза Аллан Туды Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевке табыстады. Келесі әлем чемпионаты 2027 жылдың 7-14 маусым аралығында Астанада өтеді. Аталған дода 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу кезеңіндегі маңызды жарыс. Әлемнің үздік дзюдошылары Олимпиада жолдамасына қол жеткізу үшін қажетті рейтингтік ұпайлар үшін сынға түседі. Астана дзюдодан әлем біріншілігін екінші мәрте қабылдайды. Бұған дейін татами бәсекесі 2015 жылы өткен болатын.
Тегтер #дзюдо #әлем чемпинонаты #Қазақстан #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz