Чемпиондарды ауладан іздейміз! Жуырда ғана құрылған спортшылар кеңесі ерекше бастаманы қолға алды. Елге танымал спорт мамандары Астанадағы спорттық алаңдарды аралап, балаларға әртүрлі форматтағы жаттығу жасатады. Арнайы бағдарлама бойынша ойын ұйымдастырады. Сол арқылы ерекше қабілеті бар өрендерді анықтап, кәсіпқой спортқа қадам басуына жағдай жасайды. Бастама спорт мектебіне бармайтын, десе де спортпен белсенді шұғылданатын балаларға бағытталған. Әзірге елордада қолға алынды. Болашақта басқа аймақтарда да кеңінен қолданып, отандық спорттың дамуына тың серпін беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Ербол Жантықов, Қазақстан спортшылар кеңесінің өкілі:
– Балаларлы спортқа баулу – өте маңызды. Әрине, әр өреннің спорт мектептерінде не кәсіпқой залдарда жаттығуға мүмкіндігі бола бермейді. Осындай қарапайым аулалардан да небір мықты чемпиондар шығады. Осы мақсатта біз білек сыбана жұмысқа кірістік. Тасада қалған таланттарды тауып, үлкен спортқа жол ашқымыз келеді.
Тегтер #24KZ #Астана #чемпиондар #дайындықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz