Қазақстандық балуан Айбек Айтбеков АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды 24KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Грек-рим күресінен сынға түскен отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол осы санаттағы қазіргі әлем чемпионы, әзербайжандық Эльмир Әлиевті жеңді.
Айбек Айтбеков шешуші белдесуге дейін ресейлік Алибeк Амировтан, жапониялық Сэйма Токухарадан және украиналық Евгений Поковбадан басым түсті.
Айта кетейік, Айбек Айтбеков биыл 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында да алтын медаль жеңіп алған болатын.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #балуан #грек рим күресі #чемпионPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz