RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҰОК

Үстел теннисінен Азия чемпионаты: Қазақстан атынан кімдер қатысады?

15.10.2026, 17:30 33

Қазақстан атынан үстел теннисінен Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

19-25 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өтетін құрлық біріншілігінде Қазақстан намысын 10 спортшы қорғайды.

Ерлер құрамына Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов және Ескендір Харки енді.

Әйелдер арасындағы жарыста Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская өнер көрсетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz