RU
Толық нұсқаға өту

Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарында нысана көздеуден чемпион атанды

19.10.2026, 11:40 25

Қоржынымызға алғашқы алтын түсті. Жапонияның Нагоя қаласында Азия Пара ойындары өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күдері нысана көздеу шебері Еркін Ғаббасов ең үздік нәтиже тіркеп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «24KZ».

Ол пневматикалық винтовкамен 10 метрден атуда 249.1 ұпай жинады. Бұл өзіндік рекорд саналады. Соның арқасында алтын жүлдеге қол созды. Күміс және қола жүлделер кореялық спортшыларға бұйырды. Еркін Ғаббасовқа керемет жетістігінен кейін, паралимпиада жолдамасы берілді. Яғни 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы ойындарда бақ сынайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz