Қазақстандық Давид Дегтярев Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен алтын медаль иеленіп, құрлықтық дода рекордын жаңартты, деп хабарлайды 24KZ.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы 192 келіні көтеріп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.
Бүгін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі медальмен толықты. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов алтын жүлдеге қол жеткізді. Ал пара пауэрлифтингтен Тұрсынай Қабыл 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 104 келіні көтеріп, күміс медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын және бір күміс медаль бар.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Азия Пара ойындары #алтынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz