Астана қаласының таеквондошылары Катар астанасы Дохада өткен VI халықаралық Qatar Open Taekwondo Championship 2026 ашық чемпиотаныа қатысып, турнирінде төрт медаль иеленді, деп хабарлайды «24KZ».
G-1 санатындағы халықаралық жарысқа әлемнің 40-тан астам елінен 1152 спортшы қатысты. Елордалық спортшылар бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
68 келі салмақта Тимур Рахпанов алтын медаль иеленсе, 63 келіде Омар Жаңбыров күміс жүлдегер атанды. Ал осы салмақ дәрежелерінде бақ сынаған Аяжан Таңжарық пен Мирас Есенгелдин қанжығасына қола медаль байлады.
Дүниежүзілік таеквондо федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған турнир Aspire Ladies Sports Hall кешенінде өтті. Бұл турнир спортшыларға әлемдік рейтингке есептелетін ұпайлар жинауға мүмкіндік берді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #таеквондо #турнир #медаль #КатарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz