RU
Толық нұсқаға өту
ҰОК

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

22.10.2026, 17:32 44

Қазақстанның және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды «24KZ»

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингіде 105-орындағы өзбекстандық Полина Кудерметовамен кездесті.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші 5:0 есебімен алға кетті.

Бұдан кейін Кудерметовв матчты жалғастырудан бас тартты.

Жарты сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде Рыбакина 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланып үлгерді.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 128-сатыдағы Польша өкілі Катажина Кавамен таласады. Ол екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, Токио Олимпиадасының чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичті жолдан тайдырды — 7:5, 6:2.
Елена Рыбакина өткен жылы осы додада чемпион атанған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz