RU
Толық нұсқаға өту

Жеті боксшымыз ширек финалда

23.10.2026, 08:14 31

Черногорияның Будва қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгінге дейін іріктеу кезеңдері толық аяқталды. Нәтижесінде ұлдар арасында ел намысын қорғаған 10 боксшымыздың 7-еуі ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды 24KZ.

Атап айтқанда, 50 келідегі Әділ Асқанбай, 55 келідегі Айдос Үсенов, 60 келідегі Данияр Ақбисенов, 65 келідегі Ақжүрек Қалабай, 70 келідегі Бибарыс Әшірбай, 90 келідегі Еркетаң Жарқынбек және аса ауыр салмақтағы Владислав Саможоновтар жарысты жалғастырады. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы ширек финалға жолдама алған боксшылар саны жағынан жалпы тізімде көш бастап тұр. Яғни Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен жеті боксшы шықты. Одан кейін тізімде Ирландия, Англия, АҚШ елдері тұр. Енді нағыз тартыс басталады. Өйткені негізгі бәсекелестермен алдағы күндері жолығамыз. Будвадағы әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады.

«Қайрат» ұпай ала алмады

Алматылық клуб УЕФА Конференция лигасының екінші турында грекиялық «Панатинаикос» клубымен кездесіп, 1:5 есебімен жеңілді. «Қайрат» сапынан Исмаил Бекболат қана гол соқты. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі кездесуін 5 қараша күні Италияның «Аталанта» клубына қарсы өткізеді. Отандық спортқа қатысты өзге жаңалықтар алдағы топтамада.

Жалпы есепте сегізінші орындамыз

Қоржынымызда 42 медаль. Оның оны алтын. Жапонияның Нагоя қаласында Пара Азия ойындары жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшылар, жоғарыда айтқандай, 42 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе кейінгі жарыс күні жүзу шеберлері жақсы нәтиже тіркеді. Аралас эстафетада Наталья Звягенцева, Айсұлтан Кулькеев, Сиязбек Далиев және Зульфия Габудуллина төрттігі күміс жеңіп алды. Бұған қоса, пара үстел теннисінен Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы қола медаль еншіледі. Сонымен қатар жеңіл атлетикада да кезекті медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Әсіресе ядро лақтыруда қазақстандық Дастан Мукашбеков күміс, ал Иван Зелезняк қола медаль жеңіп алды. Дәл қазір қоржынымызда 10 алтын, 13 күміс, 19 қола бар. Соның арқасында жалпы командалық есепте 8-ші орында тұрмыз. Топ басында Қытай, Жапония және Өзбекстан құрамалары. Нагоя қаласындағы кешенді ойындар 25 қазанда мәресіне жетеді.

Елена Рыбакинаның елуінші жеңісі

Рыбакина ширек финалға шықты. Қытайдың Нинбо қаласында WTA 500 санатындағы рейтингілікьтурнир жалғасып жатыр. Қазақстандық Елена Рыбакина екінші айналымда өзбекстандық Полина Кудерметовамен кездесті. Ойын небәрі 33 минутқа созылды. Бірінші сетте есеп 5:0-ге жеткен кезде Өзбекстан өкілі матчты жалғастырудан бас тартты. Осылайша Рыбакина сенімді түрде ширек финалға жолдама алды. Тағы бір айта кетерлігі, бұл қазақстандық теннисшінің биылғы маусымдағы 50-ші жеңісі. Елена Рыбакина енді польшалық Катажина Кавамен кездесіп, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Елена былтыр дәл осы жарыста жеңіске жеткен болатын. Сондықтан биыл ол чемпиондық атағын қорғауды көздеп отыр.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz