Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Байрақты бәсекеге 135 елден мыңға жуық спортшы келеді деп күтілуде. Еркін күрестен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков Қазақстан балуандарының дайындығы жоғары екенін айтып, ел намысын қорғайтын спортшыларға сенім білдірді. Бұл туралы спортшы «24KZ» арнасына берген сұқбатында айтты.
«Балаларға барлық жағдай жасалды. Министрлік пен федерация тарапынан оқу-жаттығу жиындары, жарыстар, киім-кешек пен медициналық көмек қамтамасыз етілді. Енді бәрі спортшылардың өз қолында. Өз жерімізде намысты қолдан бермеу керек, - деді Ислам Байрамуков.
Оның айтуынша, әлем чемпионаты елімізде күреске деген қызығушылықты арттырып, жас спортшыларға тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бәсеке отандық балуандардың деңгейін бағалап, алдағы Олимпиада ойындарына дайындықты пысықтауға жол ашады.
Жастарымыз өте жақсы өсіп келеді. Жақында 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында балуанымыз керемет нәтиже көрсетті. Сондықтан жас спортшылардан да үміт күтеміз. Ең бастысы — қателіктерден сабақ алып, дайындықты жетілдіру, - деді Ислам Байрамуков.
Спорт ардагері өз алаңында өнер көрсету балуандарға қосымша жауапкершілік жүктейтінін де атап өтті. Оның пікірінше, жанкүйерлердің қолдауы спортшыларға күш беріп, жеңіске деген жігерін арттыра алады.
Тегтер #спорт #әлем чемпинонаты #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz