Жапонияның Нагоя қаласында Пара Азия ойындары жалғасып жатыр. Қоржымызға 48 медаль түсті. Әсіресе, пара пауэрлифтинг шеберлері тағы да жетістігімен қуантты. Бұл жолы командалық сында қазақстандық Давид Дегтярев, Ерболат Карибай және Станислав Шакиев үштігі 412.09 ұпай жинап, қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды «24KZ».
Осылайша, ұлттық құрамада жалпы алғанда 12 алтын, 15 күміс және 21 қола бар. Осының арқасында жалпы командалық есепте 8-орында тұрмыз. Нагоя қаласындағы кешенді ойындар 25 қазанда мәресіне жетеді.
Тегтер #ұлттық құрама #қоржын #Пара Азия ойындары #қола #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz