Азия Пара ойындарында чемпион атанып, жүлделі орындарға ие болған қазақстандық пара дзюдошылар елге оралды. Жеңімпаздарды жанкүйерлері мен туыстары Алматы әуежайында салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды 24KZ.
Жалпы Аичи–Нагояда өтіп жатқан жарыста еліміздің пара дзюдошылары 13 медаль олжалады. Оның 5-еуі – алтын, 1-еуі – күміс, 7-еуі – қола. Осылайша, ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Айта кетейік, V Азия Пара ойындарына Қазақстан атынан спорттың 12 түрінен 150 спортшы қатысты.
Бексұлтан Құлмырза, Пара Азия ойындарының чемпионы:
– Белдесулер өте тартысты өтті. Әр айналымның өз қиындығы болды. Финалда кореялық спортшымен белдестім. Барлығы жақсы өтті. Қарсыластарымның ешқайсысын осал деп айта алмаймын, барлығы да мықты болды. Қазақстан құрамасы жарысқа тыңғылықты дайындалып, командалық есепте бірінші орын алды. Мұны ағайлардың тұрақты әрі жүйелі жұмысының нәтижесі деп білемін.
Ақтолқын Сейілбекова, Пара Азия ойындарының чемпионы:
– Мен төрт кездесу өткіздім. Кәріс, өзбек, индонезиялық және қазақ қыздарымен белдестім. Төрт схватканың ешқайсысы оңай болған жоқ. Әсіресе, өзбек және кәріс қыздарымен өткен белдесулер тартысты болды. Сол жерде Қазақстанның Әнұранын шырқатуды мақсат етіп, алтын медальді қазақ еліне алып келуге бар күшімді салдым.
Тегтер #пара дзюдошылар #Пара Азия ойындары #спорт #әуежайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz